• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
Жеңіл атлетика 01 Маусым, 2018

«Altay athletics» клубының желаяғы Римде өткен турнирде қола алды

377 рет
көрсетілді

Жеңіл атлетикадан Италияның бас шаһары – Римде өткен «Гауһар лигасы» турнирінің үшінші кезеңінде Кенияның 23 жастағы желаяқ қызы Нора Джеруто қола медальді иеленді.

Бұл спортшыға біз бекер тоқаталып отырған жоқпыз. Қарт құрлық өкілі біраз уақыттан бері Өскеменде іргетасы қаланған «Altay athletics» клубы сапында өнер көрсетуде. Бұған дейін де ол бірнеше жарыста бақ сынап, өзін жақсы қырынан көрсеткен еді. Ал Апеннин түбегінде өткен додада 3 000 метрге кедергілер арқылы жүгіру сайысын Нора Джеруто үшінші орынмен қорытындылады. Оның көрсеткіші – 9 минут 18 секунд. Бұл бәсекенің бас жүлдесін Кенияның әйгілі спортшысы Хивин Кийенг Джепкемой жеңіп алды. Чемпион мәре сызығын 9 минут 4 секундта қиып өтті.

Осы айда «Гауһар лигасы» турнирінің тағы үш кезеңі өтеді. Бұл бәсекелердің жалауы Норвегияның Осло (7 маусым), Швецияның Стокгольм (10 маусым) және Францияның Париж (30 маусым) қалаларында жалауы желбірейді.